КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

"Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1/15 қаулысына сәйкес Алматы қаласы әкімі аппаратының "Автошаруашылық" МКҚК, "Қозғалмас" МКҚК және Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік коммуналдық қазыналық өндірістік-пайдалану кәсіпорнының қосылуы нәтижесінде құрылды.

Серіктестік атқарушы органдарға қызмет көрсету мақсатында құрылған және Алматы қаласының атқарушы органдарына қызмет көрсетуде жинақталған тәжірибесі бар.

Жарғыға сәйкес Серіктестік қызметінің түрлері әкімшілік ғимараттарды тиісті техникалық және санитарлық жағдайда ұстау, жөндеу және пайдалану, Алматы қаласы әкімдігінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жиындары мен басқа да іс-шараларын өткізуді техникалық қамтамасыз ету, қызметтік автокөлік құралдарымен қамтамасыз ету, оларды жөндеу, қаланың ресми қонақтарының қабылдаулары мен кездесулерін ұйымдастыру, оларды орналастыру және қызмет көрсету және т. б. болып табылады.

Бұдан әрі, Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 07 наурыздағы № 1/169 қаулысына сәйкес Серіктестікке Алматы қаласы қаржы басқармасынан сенімгерлік басқару шарты бойынша 10 әкімшілік ғимарат берілді.

Серіктестік осы ғимараттардың үй-жайларын мүліктік жалға береді, ал осыдан алынған кірістерді ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстауға бөледі.